Бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша кейбір НҚА-ға өзгерістер мен толықтыру енгізуге қатысты

Бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша кейбір НҚА-ға өзгерістер мен толықтыру енгізуге қатысты

 

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылғы 23 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.  

Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылданды.

Қаулы тепе-теңдік қағидатын ескере отырып, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдануды көздейді.

Қаулымен бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар қызметінің көлемін, жүйелік маңыздылығын, ауқымын және күрделілігін ескере отырып, пруденциялық нормативтерді есептеудің қолданыстағы тәртібі өзгертілді.

Бұдан басқа, Қаулы шеңберінде брокерлік және (немесе) дилерлік қызметтің, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтің операциялық тәуекелі ұғымы енгізіледі. 

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тиісті тіркеу рәсімінен кейін Агенттіктің интернет-порталында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz