Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері активтерінің сапасын бағалау нәтижелері бойынша қорытынды есеп

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері активтерінің сапасын бағалау нәтижелері бойынша қорытынды есеп

2019 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚҰБ) 14 аса ірі банктің активтерінің сапасына бағалау (АСБ) жүргізді, олар Қазақстанның банк жүйесі үшін экономикалық маңыздылығы тұрғысынан іріктеліп алынды. Банктер тұтастай алғанда бүкіл банк секторының тиісті көрсеткіштеріне қатысты қарастырылатын банктердің репрезентативтілігін қамтамасыз ету үшін активтердің жалпы көлемі және кредиттік портфельдің көлемі бойынша сұрыпталды – іріктелген банктердің үлесіне елдің банк активтері жалпы көлемінен 87%-ы және банктердің жалпы несие портфелінің 90%-ы тиесілі болды.

Активтердің сапасын бағалау (АСБ) – бұл халықаралық қаржылық есептілік және пруденциялық реттеу стандарттарына негізделген, бұл ретте қаржы реттеушісінің қаржылық есепке алудың және тәуекелдерді бағалаудың қолданыстағы практикасына пруденциялық көзқарасын көрсететін тәсіл. Қол жеткізілген тексерудің мақсаты банк активтеріне объективті және әділ көзқарасты, сондай-ақ қарастырылатын банктер капиталының жеткіліктілігін шынайы және әділ бағалауды қамтамасыз ету болды.

Толығырақ: https://beta.egov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/21208?lang=kk