ҚР КНҚА мемлекеттік емес бағалы қағаздарды шығару және олардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚР КНҚА мемлекеттік емес бағалы қағаздарды шығару және олардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылғы 23 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мемлекеттік емес бағалы қағаздарды шығару және олардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.

Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылданды.

Қаулыда мемлекеттік емес облигациялар[1] мен жарияланған акциялар[2]  шығарылымын тіркеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге мынадай түзетулер енгізу көзделеді:

- мемлекеттік емес облигацияларды өтеу мерзімінсіз шығару мүмкіндігі;

- эмитенттің мемлекеттік емес облигацияларды өтегені туралы хабарламаны уәкілетті органға ұсыну туралы талапты алып тастау;

- облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды қысқарту (қор биржасының қорытындысын ұсыну туралы талаптарды және қаржы кеңесшісімен шарттың көшірмесін алып тастау);

- арнайы қаржы компаниясының жеке орналастыру облигацияларын шығару мүмкіндігі;

- акционерлік қоғамның акцияларын бөлу рәсімін белгілеу.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тиісті тіркеу рәсімінен кейін Агенттіктің интернет-порталында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz

 

[1] «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018ж. № 248 қаулысы.

[2] «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою қағидаларын, Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту үшін құжаттарға қойылатын талаптарды, Жарияланған акциялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Акциялар шығарылымының проспектісін, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020ж. № 42 қаулысы.