ҚР нормативтік құқықтық актілеріне банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚР нормативтік құқықтық актілеріне банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

2022 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметін ерікті және мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысын (бұдан әрі – Қаулы)  қабылдады.

Қаулы банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын (бұдан әрі – ұйымдар) тарату рәсімін жетілдіру мақсатында әзірленді. Өзгерістер ерікті және мәжбүрлеу тәртібімен ұйымдардың тарату рәсімдерін жүргізу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының 5 нормативтік құқықтық актісіне енгізілді.

Енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізгі мақсаты уақытша әкімшілікке құны 100 АЕК-тен кем ұйымдардың жылжымалы мүлкін сату бойынша өкілеттіктер беру болып табылады.

Ұйымның уақытша әкімшілігіне жылжымалы мүлікті өткізу бойынша өкілеттіктер беру ұйымның мүлкін сақтау, ұйым филиалдарын көшіру жөніндегі шығыстарын қысқарта отырып, филиалдар мүлкінің ұйымның бас бөлімшесіне шығынды көшуін жүзеге асырмауға мүмкіндік береді, сондай-ақ тарату процесінің мерзімдерін орта есеппен 7-10 айға қысқартады.

Қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz