Кейбір НҚА-ның және НҚА-ның жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы

Кейбір НҚА-ның және НҚА-ның жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы» Агенттік Басқармасының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 99 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.

Қаулы ағымдағы жылғы 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру үшін әзірленді.

Қаулымен 7 нормативтік құқықтық актіні және нормативтік құқықтық актілердің жекелеген құрылымдық элементтерінің күшін жою көзделеді, бұл оларды қабылдау бойынша уәкілетті органның тиісті құзыретінің Заңмен алып тасталуына байланысты, оның ішінде ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің 2 қаулысы (02.10.2008 ж. № 148, 03.09.2010 ж. № 139) және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 5 қаулысы ( 13.02.2012ж. № 33,   26.03.2012ж. № 133,   20.10.2015ж. № 198,  28.01.2017ж. № 19,   28.12.2018ж. № 322).

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тиісті тіркеу рәсімінен кейін Агенттіктің интернет-порталында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz