«Лондон-Алматы» СК» АҚ-ты «Freedom Finance Insurance» СК» АҚ-қа қосу нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы

«Лондон-Алматы» СК» АҚ-ты «Freedom Finance Insurance» СК» АҚ-қа қосу нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы

2022 жылғы 22 қарашада Агенттік Басқармасы «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы» АҚ-ты «Freedom Finance Insurance» сақтандыру компаниясы» АҚ-қа қосу нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсаттар (№ 91 және № 92 қаулылар) берді.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес қайта ұйымдастыру жөніндегі барлық рәсім 2023 жылғы қаңтардың соңына дейін аяқталуға тиіс. 

Қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларына сәйкес «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы» АҚ-тың құқықтары мен міндеттері өткізу актісіне сәйкес «Freedom Finance Insurance» сақтандыру компаниясы» АҚ-қа өтеді.

Осылайша, «Freedom Finance Insurance» сақтандыру компаниясы» АҚ сақтандырушылар алдында қабылдаған («Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы» АҚ-тың) барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырады.