
2022 жылғы 22 қарашада Агенттік Басқармасы А.С. Касымоваға «KM Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-тың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге № 90 келісім берді.
Қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесінің болуы қаржы ұйымының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда оны жақсарту жөнінде, оның ішінде қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде меншікті капиталды ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау міндетін көздейді.
Қаржы ұйымы және оның филиалдары туралы жалпы ақпаратпен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Сақтандыру секторы» бөлімінде «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және олардың филиалдары» кіші бөлімінде танысуға болады.
Ұйымның сақтандыру қызметі туралы ақпарат оның www.kmlife.kz ресми интернет-ресурсында берілген.