
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылғы 28 қазанда «Облигацияларды ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын, сондай-ақ эмитент пен облигацияларды ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 88 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыны (бұдан әрі - Қаулы) қабылдады.
Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру мақсатында қабылданды.
Қаулыда банкроттықты басқарушының бөлінген активтерді облигацияларды ұстаушылардың өкіліне басқаруға беру тәртібі белгіленеді. Осы тәртіпке сәйкес банкроттықты басқарушы бөлінген активтердің құрамына кіретін мүлікті түгендеу, бөлінген активтерді қабылдау-беру актісі бойынша облигацияларды ұстаушылардың өкіліне одан әрі беру мақсатында осы мүлікті кастодианмен және инвестициялық портфельді басқарушымен салыстыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.
Өз кезегінде, облигацияларды ұстаушылардың өкілі бөлінген активтердің құрамына кіретін және бөлінген активтерді өткізуден түсетін ақша есебінен арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың талаптарын өтеуді жүзеге асырады.
Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тиісті тіркеу рәсімінен кейін Агенттіктің интернет-порталында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz