«ESG – Қаржы нарығын дамытудың жаңа парадигмасы» халықаралық конференциясы

«ESG – Қаржы нарығын дамытудың жаңа парадигмасы» халықаралық конференциясы

2022 жылдың 16 қарашасында KASE Қазақстан қор биржасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп Қазақстан қаржыгерлерінің X конгресі шеңберінде «ESG – Қаржы нарығын дамытудың жаңа парадигмасы» халықаралық конференциясын өткізеді.

Іс – шараның басты мақсаты - қаржы секторында тұрақты даму мақсаттарын ілгерілету, сарапшылар мен бизнес-қоғамдастықтың тәжірибесі мен пікірлерімен алмасу мәселелері бойынша сараптамалық пікірталас алаңын ұйымдастыру. Бірлескен ұйымдастырушылар: Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC), Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (UNEP).

Конференция барысында қатысушылар тұрақты даму жобаларын қаржыландырудың жаһандық трендтерін, реттеуді дамытуды, корпоративтік ESG-стратегияларды және бизнесті трансформациялауды, ESG-ақпаратты ашу саласындағы озық тәжірибені, «жасыл» қаржыландырудың қолжетімді құралдарын, өңірлік ESG-жобаларды және басқа да өзекті тақырыптарды талқылай алады.

Конференцияға қатысушылар мен қонақтар ретінде мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдардың басшылары, қазақстандық банктердің, даму институттарының өкілдері және халықаралық сарапшылар шақырылады. 40-тан астам спикер қаржы нарығындағы ESG күн тәртібінің өзекті аспектілерін талқылауда өздерінің сараптамалық пікірлерін ұсынады.

Негізгі пленарлық пікірталас қаржы реттеушісінің, жетекші халықаралық ұйымдардың қатысуымен «ESG – болашақтың күн тәртібі» тақырыбында өтеді. Бұдан әрі «ESG-Бизнесті трансформациялау», «жауапты инвестициялау», «ESG-қаржыландыру», «Орталық Азия мен Қазақстандағы ESG күн тәртібі» тақырыбында панельдік пікірталастар өткізіледі. Қорытындысында ШОБ сегментін жасыл қаржыландыру және ESG ақпаратын ашу бойынша практикалық семинарлар өткізіледі.

Конференция Ritz-Carlton Almaty қонақ үйінде гибридті форматта өтеді, әр қатысушы өзіне ыңғайлы: онлайн немесе офлайн режимін таңдай алады.

Конференцияны ұйымдастырушылар мен бірлесіп ұйымдастырушылар атынан "Қазақстан қор биржасы" АҚ Сізді Қазақстанның қаржы нарығындағы осы маңызды іс-шараға қатысуға шақырады. Конференцияға қатысу сілтеме бойынша міндетті алдын ала тіркелу кезінде тегін https://kase.esgconference.kz/.

 

Сізді конференцияға қатысушылардың арасынан көруге шын жүректен қуаныштымыз!