Қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігі қызметкерлерінің құзыреттеріне қойылатын талаптарды күшейту туралы

Қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігі қызметкерлерінің құзыреттеріне қойылатын талаптарды күшейту туралы

2022 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының №71 қаулысымен «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамдардың біліктілігін арттыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлерінің құзыретіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 89 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Өзгерістер ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелері персоналының кемінде 5%-ын міндетті бейіндік сертификаттауды қамтамасыз ету бөлігінде қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелері басшылары мен қызметкерлерінің құзыреттеріне қойылатын талаптарды күшейтуді көздейді.

Сертификаттау ISO/IEC 17024:2012 Халықаралық стандартына немесе ISO/IEC 17024-2014 Мемлекетаралық стандартына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. Бұл стандарттарды персоналды сертификаттауды жүзеге асыратын ұйымдар сертификаттау процестерінің тәуелсіздігін, ашықтығы мен сенімділігін растау үшін кеңінен қолданады.

Толық мәтінмен Агенттіктің интернет-порталында және Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz