«Гарант 24 Ломбард» ЖШС-тің заңсыз қызметі туралы

«Гарант 24 Ломбард» ЖШС-тің заңсыз қызметі туралы

Қазақстанның жекелеген өңірлерінде қаржылық (инвестициялық) пирамиданың белгілері бар, «Гарант 24 Ломбард» ЖШС, «Estate Ломбард» ЖШС, «Gold» ЖШС, «Выгодный депозит» ЖШС және басқалары сияқты ұйымдар қызметін жүзеге асыруда.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында 2018 жылғы 21 маусымда тіркелген (2019 жылғы 2 қыркүйекте қайта тіркелген) «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-тің Қазақстан Республикасы бойынша 8 филиалы бар. Бірінші филиалы Алматыда 2019 жылғы 23 желтоқсанда, ал соңғысы Шымкентте 2020 жылғы 6 ақпанда тіркелді.

Ломбард басшылығы клиенттерді тарту үшін алаяқтық және қаржы пирамидасы белгілері бар бағдарламаларды іске асырды.  Мәселен, ломбард салымшыларға  480% мөлшерінде жылдық сыйақы береміз деп уәде етіп, салымшыларды тартты. Салымшылар өз кезегінде кепілге жылжымалы және жылжымайтын мүлкін, кредиттер ресімдеді, ломбардқа жоғары сыйақыға уәдеге бүкіл қаражатын салды. Алаяқтық операциялар тек қана қолма-қол нысанда жасалды, яғни ақша тікелей «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-тің кассасына салынып, жалған адамдармен шарттар жасалды. Ломбардтың алаяқтық схемаларынан 2 мыңнан аса адам зардап шеккен. Аталған ломбардқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде. 

2019 жылғы желтоқсанда Қазақстан Ұлттық Банкінің Қызылорда филиалы Қызылорда облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің атына «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-тің заңсыз банк қызметі жайында ақпарат жіберді.

2020 жылғы қаңтар-ақпанда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Ақтөбе қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы құқық қорғау органдарына «Gold» ЖШС және «Гарант 24 Ломбард» ЖШС заңсыз қызметі туралы азаматтардың өтініштерін жіберді, соның нәтижесінде «Gold» ЖШС-тің қызметі тоқтатылды, «Гарант 24 Ломбард» ЖШС бойынша тергеу іс-шаралары жалғастырылды.   

Аталған ұйымдардың заңсыз қызметінен зардап шеккендерге тез арада құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береміз.

 

 

Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:

+7 (727) 2788 121

e-mail: Fingramota@finreg.kz

www.finreg.kz