
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.
Жоба қайта сақтандыру портфелінің тәуекелдерін барынша азайту мақсатында әзірленді. Осыған байланысты шетелге қайта сақтандыруға берілген сыйлықақылардың көлеміне және қайта сақтандырушының рейтингіне байланысты төлемге қабілеттілік маржасына жүктемені есептеудің ерекше тәртібі 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды.
Қаулы Жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14262125 интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz