Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына, БЖЗҚ-на аудару мәселелері бойынша

Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына, БЖЗҚ-на аудару мәселелері бойынша

2022 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.

Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру мақсатында әзірленді.

Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан азаматтарға Заңмен осы шартты жаңа талаптармен қайта жасасу құқығы берілді. Зейнетақы аннуитетінің жаңа шарты бойынша сақтандыру ұйымындағы сақтандыру сыйлықақысының қалдығы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшеріндегі төлемді қамтамасыз ету үшін жеткілікті ең төменгі сақтандыру сыйлықақысынан кем болмауға тиіс. Осы шектен асатын сома БЖЗҚ-на қайтарылады.

Осыған байланысты, Қаулымен өмірді сақтандыру компаниясынан БЖЗҚ-на зейнетақы аннуитеті шартының ең төменгі құнынан асатын сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін аудару қағидалары айқындалған.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz