Кейбір НҚА сақтандыру нарығында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Кейбір НҚА сақтандыру нарығында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

2022 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру нарығында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) қабылданды.

Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылданды.

Қаулымен «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру» композиттік мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі өзгертілді. Ендігі жерде өтініш беруші бір өтініш арқылы үш қызмет түрін ала алады: сақтандыру ұйымын құруға рұқсат, ірі қатысушының (сақтандыру холдингінің) мәртебесін иеленуге және еншілес ұйым құруға немесе сақтандыру ұйымының капиталына елеулі қатысуды иеленуге рұқсат. 

Сондай-ақ, қаулыда сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны ерікті түрде қайтару тәртібі көзделген. Бұл ұйымға лицензияны ерікті түрде тапсырғаннан және әділет органдарында қайта тіркеуден өткеннен кейін заңды тұлға ретінде жұмыс істеуге және қаржылық көрсетілетін қызметтермен байланысты емес өзге де кәсіпкерлік қызметпен айналысуға мүмкіндік береді.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы +7 (727) 237 1089,

press@finreg.kz