
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) микроқаржыландыру нарығын қызметі оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін және тұтынушылардың мүдделеріне айтарлықтай қауіп төндіретін жосықсыз қатысушылардан тазарту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп отырады.
Осыған байланысты 2022 жылдың басынан бері микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын 72 ұйымға (бұдан әрі – МҚҚЖҰ), оның ішінде 18 микроқаржы ұйымына (бұдан әрі – МҚҰ), 46 ломбардқа және 8 кредиттік серіктестікке қатысты Агенттік микроқаржылық қызметке арналған лицензиядан айыру түрінде санкциялар қолданды.
Лицензиядан айыруға мыналар негіз болды:
Сонымен қатар, уәкілетті органның жазбаша ұйғарымын орындамағаны үшін «Ломбард Astana Gold» ЖШС лицензиясының қолданысы 08.08.2022ж. бастап 3 айға тоқтатылды (Заңның 16-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес).
Агенттік 50 АЕК-ке дейінгі қысқа мерзімді онлайн микрокредиттер сегментінде жоғары өсімді байқап отыр. Осыған байланысты 50 АЕК-ке дейінгі онлайн микрокредиттер бойынша берешектің шамамен 80%-ы үлесіне тиетін 10 ірі МҚҰ-ға қатысты тексеру жүргізу жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың соңына дейін 6 МҚҰ-да тексеру аяқталатын болады.
Санкциялар қолданылған МҚҚЖҰ бойынша барынша жан-жақты ақпаратпен «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар» бөлімінде танысуға болады.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz