Сақтандыру нарығын реттеу бойынша НҚА жобасы әзірленді

Сақтандыру нарығын реттеу бойынша НҚА жобасы әзірленді

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының жобасын әзірлеу туралы (бұдан әрі – Жоба) хабарлайды.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленген.

Жоба сақтандыру қызметтерін тұтынушыларға кепілдік төлемдері алу тәртібін жеңілдету және жылдамдатуды ұсынады. Клиенттер сақтандыру компаниясын тарату туралы сот шешімін күтпестен таратылған сақтандыру компаниясынан кепілдік төлемдерін ала алады, өйткені сақтандыру компаниясы күші жойылған күннен бастап кепілдік берілген сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру портфелін беру сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры есебінен жүзеге асырылады.

Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында Жоба білім беру сақтандыру өнімі бойынша сақтандыру міндеттемелерін бағалауға және өндірісте зардап шеккен қызметкерлерге аннуитеттік сақтандыру шарттарына қойылатын талаптарды жетілдірді.

 Жоба көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін қолданылатын жеңілдіктер мен үстемеақылар жүйесінің коэффициенттерін («бонус-малус» жүйесі) реттейтін болады.

Жоба сақтандыру нарығында жүзеге асырылатын актуарлық тәжірибеге қойылатын талаптарды жетілдірді.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14160898 және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz