
2022 жылғы 12 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізілді.
Заңға сәйкес сақтандыру секторында басшы қызметкерлерді тағайындауға (сайлауға) қолданыстағы келісімдер тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) жүргізу бойынша Агенттіктің құзыреті толықтырылды.
Тізілімде Агенттіктің сақтандыру секторындағы басшы лауазымдарды, оның ішінде Заңның 2-бабының 3-тармағы 1) тармақшасының талаптарын ескере отырып, иеленуге қолданыстағы келісімі бар тұлғалар көрсетілген.
Тізіліммен Агенттіктің ресми сайтында www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/343854?lang=ru сілтемесі бойынша танысуға болады.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.k