
2022 жылғы 20 және 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік), Ұлттық Банктің және Қазақстан қор биржасының (KASE) өкілдері, сондай-ақ қаржы нарығына қатысушылар Дүниежүзілік Банктің экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару тәуекелдерінің (бұдан әрі-ESG) реттеушілік және қадағалау аспектілері бойынша семинарына қатысты.
Семинар барысында мынадай өзекті тақырыптар айтылды: ESG-ді бизнес-модельдермен шоғырландыру және басқарудың үздік практикалары; SREP бағдарламасын бағалаумен біріктіру (банктердің тәуекелдерін қадағалап бағалау); ICAAP/ILAAP-қа ықпалдастыру (ішкі капиталдың жеткіліктілігін және ішкі өтімділікті бағалау).
Дүниежүзілік банк өкілдері іс-шараға қатысушылармен климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдерді бақылау мен басқарудың соңғы халықаралық әзірлемелерімен және озық әдістерімен бөлісті.
Семинар қорытындысы бойынша Агенттік Төрағасының орынбасары Мария Хаджиеваның қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді, онда ол «жасыл», көміртекті-бейтарап және басқа да орнықты жобаларды қаржыландырумен қамтамасыз ету мәселесінде қаржы ұйымдарының және компаниялардың маңызды рөлін атап өтті.
«ESG қағидаттарын кезең-кезеңімен ықпалдастыруды іске асыру халықаралық қаржы ұйымдарының реттеуге белсенді жәрдемдесуімен әлеуметтік және экологиялық жауапты қаржы жүйесін құруды қамтамасыз етеді, - деп хабарлады Мария Хаджиева.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz