
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымдарына және банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегенін хабарлайды.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымдарына (бұдан әрі – КАБҰ) және банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге қойылатын талаптарды бекіту бөлігінде іске асыру мақсатында әзірленді.
Жобада сервистік компаниялар үшін капитал мөлшері, нарықтағы жұмыс тәжірибесі, филиалдар мен өкілдіктердің болуы, бағдарламалық қамтылым, мінсіз іскерлік беделдің болуы және қадағалау шаралары мен санкцияларының болмауы бойынша талаптар белгілеу көзделеді.
- КАБҰ бас ұйымының меншікті капиталының 10 млрд теңгеден кем емес мөлшеріне;
- банкке немесе банк холдингіне банктің КАБҰ құруына рұқсат берілген сәттен бастап 3 жыл ішінде КАБҰ қызметін жүзеге асыруға;
- КАБҰ-ны сервистік компаниялар тізіліміне енгізу күні қолданыстағы қадағалап ден қою шаралары мен санкциялардың болмауы;
- КАБҰ бірінші басшысының алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы бойынша талаптар көзделеді.
- коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының мөлшеріне 100 млн теңгеден кем емес;
- коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізілген сәттен бастап 3 жыл ішінде коллекторлық агенттіктің қызметін жүзеге асыруға;
- коллекторлық агенттікті сервистік компаниялар тізіліміне енгізу күніне сервистік компаниялар тізіліміне енгізу күніне дейін соңғы 12 ай ішінде салынған орындалмаған және (немесе) қолданыстағы шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялардың болмауы бойынша;
- коллекторлық агенттіктің бірінші басшысында алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы бойынша;
- борышкердің тұрғылықты жері не орналасқан жері, не тіркелген жері бойынша, не борышкердің тұрғылықты жерінің не орналасқан жерінің не тіркелген жерінің елді мекені орналасқан әкімшілік облыс орталықтарында филиалдарының немесе өкілдіктерінің болуына қатысты;
- коллекторлық агенттіктердің стрестік активтерді сатушылардан құқықтар (талаптар) бойынша мәліметтерді (деректерді) алуын, сондай-ақ коллекторлық агенттік сенімгерлік басқаруға алған құқықтар (талаптар) туралы мәліметтерді (деректерді) жеке көрсетуді қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтылымның болуына қойылатын талаптар көзделген.
Бұдан басқа, Агенттік тізілімді жүргізеді және өзінің интернет-ресурсында белгіленген талаптарға сәйкес келетін сервистік компаниялар туралы ақпаратты орналастыратын болады.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14146474 және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz