ҚР НҚА-ға КЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚР НҚА-ға КЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік баға  реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 01.07.2021ж. № 131-VII ҚР Заңымен кейбір заңнамалық актілерге, оның ішінде «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі - КЖ/ТҚҚ) өзгерістер енгізілді.

Енгізілген өзгерістердің негізгі мақсаты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) халықаралық стандарттарына сәйкес келтіру болып табылады.

Осыған байланысты, заңнамалық түзетулердің талаптарын іске асыру мақсатында Агенттік қаржы ұйымдары үшін КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды белгілейтін 6 қаулыға өзгерістер енгізді.

Түзетулер жаппай қырып-жою қаруының таралуына және оны қаржыландырудың алдын алуға, кедергі жасауға және тоқтатуға қатысты нысаналы қаржылық санкцияларды іске асыру тетіктерін көздейді.

Түзетулермен, сондай-ақ  талаптар  да айқындалған, оларға сәйкес  бір қаржы тобына кіретін қаржы мониторингі субъектілері осы топтың басқа қатысушыларының клиенттерді тиісінше тексеру нәтижелері мен құжаттарын негізге алуға құқылы.

Бұдан басқа, түзетулер шетелдік қаржы ұйымына клиенттерді тиісінше тексеру шараларын қолдануды тапсырған кезде қаржы мониторингі субъектілерінің іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ клиентті-шетелдік құрылымды заңды тұлға құрмай идентификаттау тәртібін белгілейді.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz