
2022 жылғы 12 қыркүйекте Агенттіктің Басқармасы «Қаржы ұйымдарының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы пайдаланатын ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары бойынша ақпарат жинау, өңдеу және алмасу жөніндегі ақпараттандыру объектісін қосу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.
Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды дамыту, ақпараттық қауіпсіздік және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін қабылданды.
Осы НҚА-ның мақсаты қаржы ұйымдарының «Qainar» ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары бойынша ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйесін қосуын және пайдалануын регламенттеу болып табылады.
Сонымен бірге, Қаулы банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары бойынша ақпаратты «Qainar» ААӨЖ-да автоматтандырылған режимде беру міндетін айқындайды, сондай-ақ осындай оқиғалардың тізбесін белгілейді. Бұдан басқа қаржы ұйымдары үшін «Qainar» ААӨЖ арқылы берілетін ақпараттық хабарламаларға ден қою мерзімдері енгізіледі.
Енгізілетін нормалар қаржы нарығындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимылдың жеделдігін арттырады.
Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тиісті тіркеу рәсімінен кейін Агенттіктің интернет-порталында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz