
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттарға қойылатын ең төмен талаптарды бекіту туралы» Агенттік Басқармасының қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдағаны туралы хабарлайды.
Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленді.
Қаулымен жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттарға қойылатын ең төмен талаптар айқындалады. Сақтандыру шартына сақтандыру объектісі, сақтандыру жағдайы, қабылданатын тәуекелдер бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің лимиттері туралы мәліметтерді енгізу бойынша талаптар белгіленеді.
Жүктелген сақтандыру шарттарына қойылатын бірыңғай талаптар сақтандырудың осы түрінің негізгі (негіздемелік) шарттарын стандарттауға мүмкіндік береді, бұл халық пен бизнесті кәсіби қателіктерден және кәсіпкерлердің сапасыз қызметтерінен қорғауға ықпал етеді.
Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тиісті тіркеу рәсімінен кейін Агенттіктің интернет-порталында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz