Бағалы қағаздар нарығын реттеу және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріне қатысты

Бағалы қағаздар нарығын реттеу және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріне қатысты

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылғы 12 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.

Осылайша, Қаулымен зейнетақы активтерін басқарушыларға қаржы активтерін амортизацияланған құны бойынша бағаланатын санатта есепке алуды жүзеге асыру үшін мүмкіндік беріледі.  

Сонымен қатар, инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін басқа басқарушыға не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру рәсімдері оңтайландырылды.

Бұдан басқа, нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру үшін құқықтық мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге сілтейтін нормалар өзектендірілді.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тиісті тіркеу рәсімінен кейін Агенттіктің интернет-порталында және  «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz