ҚР НҚА-ға бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

ҚР НҚА-ға бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылғы 12 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.

Қаулы Премьер-Министрдің 2022 жылғы 26 шілдедегі № 117-ө өкіміне сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру мақсатында қабылданды.

Қаулы білікті инвесторлардың қызметін оңтайландыруды, қазақстандық эмитенттердің корпоративтік басқаруын жетілдіруді,
сондай-ақ Қазақстан қор биржасы (бұдан әрі – KASE) мүше-ұйымдарының тізбесін кеңейтуді көздейді.

Біріншіден, білікті инвесторлар – жеке тұлғалардың қаражаты есебінен өтеу мерзімі жоқ облигацияларды және инвестициялық облигацияларды қосу арқылы инвестициялау үшін рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі кеңейтілді.

Екіншіден, бағалы қағаздары KASE ресми тізіміне енгізілген барлық эмитенттер үшін Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңес қабылдаған қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексі ретінде пайдаланылуы мүмкін корпоративтік басқару кодексінің міндетті болуы туралы талап енгізіледі.

Үшіншіден, «Астана» халықаралық қаржы орталығы қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің брокер – лицензиаттарына KASE мүшелері болу мүмкіндігі ұсынылды.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тиісті тіркеу рәсімінен кейін Агенттіктің интернет-порталында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz