Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2022 жылғы 1 тамыздағы жай-күйі туралы

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының  2022 жылғы 1 тамыздағы жай-күйі туралы

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қор нарығын капиталдандыру 2022 жылғы шілдеде 3,0%-ға немесе 1,1 трлн теңгеге (жыл басынан бері 15,7%-ға төмендеу) айтарлықтай қалпына келуді көрсете отырып, 37,2 трлн теңгені құрады.

Үш ай бойы төмендеуден кейін акциялар нарығын капиталдандыру индекстік компаниялардың акциялары бағасының ұлғаюы есебінен 4,4%-ға немесе 0,9 трлн теңгеге  21,8 трлн теңгеге дейін өскенін көрсетті. Қалпына келтірудің басталуына қарамастан, 2022 жылдың басынан бері акциялар нарығын капиталдандыру геосаяси жағдайдың нашарлауы аясында акциялар бағасының төмендеуі нәтижесінде 24,2%-ға немесе 7 трлн теңгеге төмендеді.

Акция бағасының өсуі нәтижесінде 2022 жылғы шілдеде KASE индексі 2953,54 тармаққа дейін 10,4%-ға ұлғайды. 2022 жылғы
1 тамыздағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 103 эмитенттің 118 акциясы болды, олардың 46 шығарылымы KASE Global секторында айналымға жіберілді. Ағымдағы жылдың шілде айында акциялармен сауда-саттық көлемі маусым айымен салыстырғанда 20,1%-ға немесе акциялармен мәмілелер санының 12,6%-ға қысқаруына байланысты 1,8 млрд теңгеге төмендеп, 7 млрд теңгені құрады.

Корпоративтік облигациялар нарығы 2022 жылғы шілдеде жаңа облигацияларды шығару нәтижесінде 1,1%-ға немесе 168,6 млрд теңгеге 15,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды, алғаш рет 2022 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіш мәнінен асып түсті (жыл басынан бері 0,2 %-ға өсу). Ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығы ішінде ақша-кредит талаптарының қатаюы аясында қорландыру құнының айтарлықтай қымбаттауы, сондай-ақ қолданыстағы шығарылымдарды өтеу нәтижесінде осы нарықта теріс динамика байқалғанын атап өткен жөн.

2022 жылғы 1 тамызда KASE сауда-саттық тізімдерінде 82 эмитенттің 328 корпоративтік облигациялар шығарылымы болды. 2022 жылғы шілдеде KASE ресми тізіміне 2 эмитенттің («Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ) облигацияларының 8 шығарылымы енгізілді.

2022 жылғы шілдеде KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 238 млрд теңгеге дейін 11,3%-ға немесе 24,2 млрд теңгеге өсті.

KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2022 жылғы шілдеде 18,9 трлн теңге көрсеткішіне дейін 1,8%-ға немесе 337,2 млрд теңгеге өсті.

2022 жылғы шілде айының қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздар саудасының жиынтық көлемі бір айда 4,7%-ға немесе 28,6 млрд теңгеге ұлғайып, 639,8 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 559,9 млрд теңгеге дейін 8,8%-ға немесе 45,2 млрд теңгеге өсті.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша ұжымдық инвестициялау нарығында 44, оның ішінде 22 аралық, 21 жабық және 1 ашық инвестициялық пай қоры жұмыс істеді.

Ұжымдық инвестициялар нарығындағы басқарудағы активтер ағымдағы жылдың шілде айында 4,8 млрд теңгеге немесе негізінен бағалы қағаздардың валюталық портфелін оң қайта бағалау есебінен 1%-ға ұлғайып, 2022 жылғы 1 тамызда 481,7 млрд теңгені құрады.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 439,7 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 91,3%-ын бағалы қағаздар портфелі құрады, оның 97,8%-ы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздардан тұрады.

Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымында 2022 жылғы 1 тамызда 39 брокер және дилерлер (16 банк және 23 банктік емес ұйым), 9 кастодиан-банк, 20 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ 2 инфрақұрылымдық ұйым: KASE және бірыңғай тіркеуші және сауда репозиторийі функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі жұмыс істейді. Сонымен қатар, КASE негізінде орталық контрагент жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың шілде айында инвесторлар санының өсуі жалғасты. Депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 385 909 қосалқы шотқа дейін 18 195-ке немесе 5%-ға ұлғайды (жыл басынан бері 75%-ға немесе 165,7 мың қосалқы шотқа өсті).

Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері ағымдағы жылдың шілде айында 1,8%-ға ұлғайып, 2022 жылғы 1 тамызда 518,8 млрд теңгені құрады (жыл басынан бері өсім - 2,7%). 2022 жылғы шілдеде міндеттемелер 130,7 млрд теңгеге дейін 4,0%-ға өсті. Меншікті капитал 388,1 млрд теңгеге дейін 1%-ға немесе 4 млрд теңгеге өсті.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz