
Бүгін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасы Конституциясы күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.
Ресми іс-шара Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахмановтың және құрылымдық бөлімшелердің басшыларының қатысуымен өтті.
Конституцияның басты мақсаты – қазақстандықтардың әл-ауқаты мен өмір сүру жағдайын жақсарту.
Негізгі заңға өзгерістер ел тәуелсіздігін нығайтудың, қазақстандықтардың шынайы отансүйгіштігінің, олардың конституциялық құқықтары мен еркіндігін қорғау тетігін күшейтудің және елдің жан-жақты түрленуінің нышаны болды.

Іс-шаралар шеңберінде мемлекеттік қызметке кіріскен жаңа қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өтті.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz