
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Биржада бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асыру өлшемшарттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі - Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.
Жоба «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында негізделген, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы
4 тамыздағы № 119-ө өкімімен бекітілген құқықтық актілер тізбесінің 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Жобада Қазақстан қор биржасы мен АХҚО биржасының ресми тізіміндегі бағалы қағаздардың өтімділік өлшемдерін (параметрлерін) айқындау ұсынылады, осы параметрлерге сәйкес болған кезде осындай бағалы қағаздар бойынша дивидендтер салық салудан босатылады.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14191527 интернет-порталынан және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінен танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz