Жеке тұлғаларды білікті инвесторлар деп танудың ережелері мен шарттарын әзірлеу туралы

Жеке тұлғаларды білікті инвесторлар деп танудың ережелері мен шарттарын әзірлеу туралы

Жеке тұлғаларды бағалы қағаздар нарығында білікті инвесторлар деп танудың ережелері мен шарттарын әзірлеу және біліктілігі жоқ жеке инвестор тұлғаларға қызмет көрсету ерекшеліктері туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғаларды білікті инвесторлар деп тану қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың білікті инвесторлар болып табылмайтын жеке тұлғаларға қызметтер көрсету ерекшеліктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқарманың қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірлегенін хабарлайды.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 12 шілдедегі № 138-VІІ Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабы 19-тармағының 10) тармақшасымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабын іске асыру мақсатында әзірленді.

Жобада білікті инвесторларды (жеке тұлғалар тұлғасында) тану тетігі тұжырымдамалық жағынан жетілдірілді, ол мыналарды қамтиды:

- жеке тұлғаларға оларды білікті инвесторлар деп тану үшін қойылатын талаптар;

- білікті инвесторлар болып табылмайтын жеке тұлғаларды тестілеу;

- білікті инвесторлар болып табылмайтын жеке тұлғаларға қызмет көрсету ерекшеліктері.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14164949 интернет-порталынан және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінен танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz