Бағалы қағаздар нарығында басшы қызметкерлерді келісу бойынша НҚА жобасы әзірленді

Бағалы қағаздар нарығында басшы қызметкерлерді келісу бойынша НҚА жобасы әзірленді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, өтініш берушінің (лицензиаттың), «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамының, бірыңғай оператордың, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттарды бекіту туралы» Басқарма қаулысының жобасын (бұдан әрі - Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру үшін әзірленді.

Жобада бағалы қағаздар нарығында басшы лауазымын атқаруға алдын ала келісім алу процесі көзделеді. Оны лауазымға тағайындауға (сайлауға) дейін, сондай-ақ одан кейін келісілген болуға құқылы тәуелсіз  директор болып табылатын басқару органының мүшесін қоспағанда, басшы лауазымын атқаруға алдын ала келісім енгізу өтініш иесіне келісім алуға мүмкіндік береді. Реттеуші келісімінің мерзімі болмайды және ол бір сектордың шегінде бірқатар лауазымға беріледі. Өтініш иесіне лауазымын әрбір ауыстырған сайын өзінің біліктілігін растау және жеке рұқсат алу үшін реттеушіге жүгіну талап етілмейді. Аталған жағдайда реттеушіге жүгіну тек хабарлау сипатына ғана ие болады.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14170778 интернет-порталынан және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінен танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz