Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік):
- «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
- «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
- «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы» Агенттік Басқармасы қаулыларының жобаларын (бұдан әрі – Қаулы жобалары) әзірлегені туралы хабарлайды.
Қаулы жобалары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң (бұдан әрі – Заң) нормаларын іске асыру мақсатында әзірленді.
Қаулы жобаларымен:
- бірқатар нормаларды «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Заңға енгізілген түзетулерге сәйкес келтіруді көздейді, соның ішінде активтерді инвестициялау, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (бұдан әрі – СТКҚ) меншікті активтері, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты және зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін айқындау, СТКҚ комиссиялық сыйақы алуын, кастодиан кепілдендіру резервтерін бөлек сақтау, сақтандырудың кепілдік берілетін (әлеуметтік маңызы бар) сыныптарының тізбесін кеңейту көзделеді;
- бірқатар нормаларды «Сақтандыру қызметі туралы» Заңға енгізілген түзетулерге сәйкес келтіруді көздейді, соның ішінде ең төменгі оқу бағдарламасы бойынша сақтандыру агентінің емтиханын өткізу процесін жетілдіру, сақтандыру ұйымдары пайдаланатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілеу, сақтандыру есептерінің және оларды алушылардың тізбесін кеңейту, сақтандыру есептерін ұсыну бойынша талаптарды өзгерту көзделеді;
- Заңмен енгізілген түзетулерге сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілерді қабылдау жөніндегі уәкілетті органның құзыретін алып тастауға байланысты тиісті нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтері жойылуға қойылады.
Қаулы жобаларының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14145902, https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14170309, https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14173229 және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237-10-89, press@finreg.kz