
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 27 сақтандыру ұйымы бар, оның 9-ы – өмірді сақтандыру бойынша. 2022 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 5%-ға ұлғайды (2022 жылдың басынан 7,7%-ға өсу) және 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 1,97 трлн теңге болды. 2022 жылғы маусымда активтердің ұлғаюы негізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі және шетел валютасының құнын қайта бағалау нәтижесінде болды.
Активтердің құрылымында ең көп үлес (жиынтық активтердің 71,4%-ы) бағалы қағаздарға тиесілі – 1,41 трлн теңге, олар 4,8%-ға немесе
65 млрд теңгеге ұлғайған.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2022 жылғы маусымда 4,5%- ға немесе 53,2 млрд теңгеге ұлғайды және 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 1,23 трлн теңгені құрады. Міндеттемелердің ұлғаюы, негізінен, сақтандыру резервтерінің өсуі есебінен болды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2022 жылғы маусымда 5,9%-ға немесе 41,3 млрд теңгеге ұлғайды, және де шетел валютасын қайта бағалау есебінен 741 млрд теңге болды.
2022 жылғы маусымда сақтандыру нарығы бойынша 47,4 млрд теңге мөлшерде таза пайда алынды. Бұл ретте 2022 жылдың басынан таза пайда 80,3 млрд теңгені құрады.
2022 жылғы маусымда жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1 192 141 болды, бұл ағымдағы жылғы мамырмен салыстырғанда 8,1%-ға көп. 2022 жылдың басынан жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 5 827 714 болды, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10%-ға көп.
Бұл өсу, негізінен, сырқаттану жағдайында сақтандыру бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 168 693 шартқа немесе
70,6%-ға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша шарттар санының 105 708 шартқа немесе 4%-ға және туристі сақтандыру бойынша 107 404 шартқа немесе 50,6%-ға ұлғаюымен байланысты болды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2022 жылғы 6 айда 395 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6%-ға немесе 22 млрд теңгеге көп.
Міндетті сақтандыру бойынша жыл басынан 71,8 млрд теңге жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,4% -ға көп. Ұлғаю, негізінен, қызметкерді еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру есебінен болды (ұлғаю 6,5 млрд теңге немесе 38,9%).
Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2022 жылғы 6 айда 134,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 10,8%-ға аз. Төмендеу, негізінен, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары жинағының 62,8%-ға немесе 24,2 млрд теңгеге азаюына байланысты.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан 188,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 16%-ға көп. Өсу, негізінен, Бұл мүлікті зияннан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылардың 9,7%-ға немесе 9,2 млрд теңгеге және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша 47,8%-ға немесе 8,2 млрд теңгеге ұлғаюымен байланысты.
2022 жылғы қаңтар-маусым айларында сақтандыру төлемдерінің көлемі 79 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 36,6%-ға артық, 2022 жылғы маусымда – 11,5 млрд теңге. 2022 жылдың басынан барлығы 421 890 төлем, маусым айында – 79 000 мың төлем жүзеге асырылды.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz