
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың (бұдан әрі – KASE) сауда-саттық тізімдерінде 103 эмитенттің 117 акциясы болды, оның ішінде 46 шығарылым KASE Global секторында айналымға жіберілді.
2022 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша KASE индексі 2674,7 тармаққа дейін 0,5%-ға ұлғайды, ең көп ұлғаю «Банк ЦентрКредит» АҚ (13%), «Kcell» АҚ (10,27%), «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ (7,2%) акциялары бойынша орын алды.
Акциялар нарығын капиталдандыру 2022 жылғы маусымда 1,4%-ға немесе 0,3 трлн теңгеге төмендеді. Төмендеудің негізгі үлесі индекстік компанияларға сыртқы конъюнктураның нашарлауы аясында олардың акцияларының бағасын түзету есебінен тиесілі болды. Акциялар нарығын капиталдандырудың төмендеуі 2022 жылдың басынан бастап 27,4% немесе 7,9 трлн теңгені құрады.
Ағымдағы жылғы маусым айында акциялармен сауда-саттық көлемі мамыр айына қарағанда 64,6%-ға немесе 7 млрд теңгеге ұлғайып, 9,8 млрд теңгені құрады.
KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 2022 жылғы маусым айында 2,5%-ға немесе 368,2 млрд теңгеге ұлғайды және
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 15,3 трлн теңгені құрады. 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімінде 82 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 324 шығарылымы болды.
2022 жылғы маусым айында KASE корпоративтік облигацияларымен сауда-саттық көлемі мамыр айына қатысты 67,1%-ға немесе 85,9 млрд теңгеге 213,8 млрд теңгеге дейін өсті.
Корпоративтік облигациялардың қайталама нарығында инвесторлардың негізгі санаттары бойынша екінші деңгейдегі банктердің үлесі 1,6%-ды, брокерлік және дилерлік ұйымдардың үлесі – 5,3%-ды, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі – 8,3%-ды, басқа заңды тұлғалардың үлесі – 83,4%-ды, жеке тұлғалардың үлесі – 1,4%-ды құрады. Бейрезиденттердің үлесі 11,9%-ды құрады.
KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыштың номиналды сомасы 2022 жылғы мамырдағы көрсеткіштермен салыстырғанда 4%-ға немесе 720,2 млн теңгеге артып, 2022 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша 1,5 трлн теңгені құрады.
2022 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздардың сауда-саттығының жиынтық көлемі 2022 жылғы мамыр айымен салыстырғанда 64,7%-ға немесе 240,1 млрд теңгеге ұлғайып, 611,3 млрд теңгені құрады.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 116,3%-ға немесе 276,8 млрд теңгеге 514,7 млрд теңгеге дейін ұлғайды. 2022 жылғы маусымда қайталама нарықтағы инвесторлар құрылымында банктердің үлесі 12%, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесі – 2,7%, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі – 3%, өзге заңды тұлғалардың үлесі 80,8%, жеке тұлғалардың үлесі – 1,5% болды. Бейрезиденттердің қатысуы 6,4%-ға бағаланады.
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығында 44 инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 22 аралық, 21 жабық және 1 ашық.
2022 жылғы 1 шілдеде ұжымдық инвестициялар нарығындағы басқарудағы активтердің жиынтық көлемі 476,8 млрд теңгені құрады және алдыңғы аймен салыстырғанда 55 млрд теңгеге немесе 13%-ға ұлғайды. Мұндай ұлғаю, ең алдымен, бағалы қағаздар портфелінің ұлғаю (52,6 млрд теңгеге немесе 13,8%-ға ұлғаю) есебінен болды, атап айтқанда, айтарлықтай ұлғаюға бейрезидент-эмитенттердің (39,6 млрд теңгеге немесе 14%-ға ұлғаю) және резидент-эмитенттердің (10 млрд теңгеге немесе 13,3%-ға ұлғаю) бағалы қағаздарының портфелі ықпал етті. 2022 жылдың басындағы жағдайға қатысты жиынтық активтер 6,4 млрд теңгеге немесе 1,3%-ға төмендеді, бұл ретте бағалы қағаздар портфелінің 1,7%-ға ұлғаюы байқалады.
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 434 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорлары жиынтық активтерінің 91%-ын бағалы қағаздар портфелі құрайды. Бұл ретте портфельдің 98%-ы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздардан тұрады.
2022 жылғы маусымның қорытындысы бойынша инвестициялық пай қорларының портфеліндегі бейрезидент-эмитенттердің бағалы қағаздары 322,7 млрд теңгені немесе жиынтық активтердің 67,7%-ын, ҚР резидент-эмитенттерінің бағалы қағаздары 85,9 млрд теңгені немесе жиынтық активтердің 18%-ын құрады. Активтер құрамында 16,1 млрд теңге немесе жиынтық активтердің 3,4%-ы мөлшерінде шетелдік инвестициялық қорлардың пайлары да бар.
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында 39 брокер және дилерлер (16 банк және 23 банктік емес ұйым), 9 кастодиан-банк, 20 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ бірыңғай тіркеушінің және сауда репозитарийінің функцияларын атқаратын 2 инфрақұрылымдық ұйым: «Қазақстан қор биржасы» АҚ және «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ бар. Бұдан басқа, «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың негізінде орталық контрагент жұмыс істейді. Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялар саны 74 дананы құрады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz