
2021 жылғы маусымда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) қызметі тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерінде, негізінен қарыз алушылардың жәрдем ету және борыш жүктемесін азайту үшін шаралар қабылдау туралы өтініштерін қараумен байланысты болады.
Есепті айда Агенттік банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің және сақтандыру мен бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 5 514 өтінішін қарады, бұл 2022 жылғы мамырмен салыстырғанда 2,2%-ға артық.
Өтініштердің ең көп үлесі банк секторына тиесілі (екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар), ол өтініштердің жалпы санының 67%-ын құрады. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өтініштердің жалпы санының 5%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің – 0,32%, коллекторлық агенттіктердің – 0,68%, өзге де ұйымдардың – 27%-ын құрады.
2022 жылғы маусымда екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың әрекеттерінде анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтар бойынша Агенттік 5 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын, 11 жазбаша ұйғарым және әкімшілік құқық бұзушылық туралы 30 хаттама бойынша жалпы сомасы 9,31 млн теңгеге 9 әкімшілік жаза қолданды:
- екінші деңгейдегі банктер – 3 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы, 4 әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама бойынша жалпы сомасы 1,81 млн тегеге 4 әкімшілік жаза;
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары – 2 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы;
- коллекторлық агенттіктер – 2 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама бойынша жалпы сомасы 0,3 млн теңгеге 2 әкімшілік жаза;
- микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар – 11 жазбаша ұйғарым, 24 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама бойынша жалпы сомасы 7,2 млн теңгеге 3 әкімшілік жаза қолданылды.
2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыздар алған қарыз алушылардың жалғыз тұрғын үйін сақтауға бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасының бірінші бөлігінің шеңберінде банктер 2022 жылғы бірінші жарты жылдықта 209,0 млрд теңге сомаға қайта қаржыландыруға 30 202 өтінімді мақұлдады. 186,1 млрд теңге сомаға 29 271 қарыз қайта қаржыландырылды, оның ішінде 2020 жылдан бастап 27,94 млрд теңге сомаға 2 552 қарыз қайта қаржыландырылды.
Бағдарламаның екінші бөлігі шеңберінде банктер 2020 жылғы желтоқсанда 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауды аяқтады. Бағдарламаның бірінші және екінші бөліктерін іске асыру кезеңінде банктер 222,6 млрд теңге сомаға 27 202 валюталық ипотекалық қарызды айырбастауды жүргізді.
Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер ХӘОТ санаты бойынша қарыздары Бағдарлама шеңберінде бұрын қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыз алушыларға қарыз алушының берешегін азайту және өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу түріндегі қосымша көмек көрсету, сондай-ақ банк балансында тұрған жалғыз тұрғын үйді қарыз алушының меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізуде. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан шамамен 8,2 мың қарыз алушыға қосымша көмек көрсетілді. Қалған 1,1 мың ХӘОТ – қарыз алушы 2022 жылғы 1 қазанға дейін қолдау шараларымен қамтылады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz