
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Басқарма қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгенін хабарлайды.
Қадағалап стресс-тестілеу – бұл сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығын тұрақты түрде бағалауға мүмкіндік беретін тәуекелге бағдарланған қадағалау құралдарының бірі.
Сақтандыру ұйымдарының тәуекелдерге осалдығын айқындау үшін Жобада стресс-тестілеудің 9 сценарийін жаңарту бөлігінде стресс-тестілеудің қолданыстағы моделін жетілдіру көзделген. Атап айтқанда, валюталық тәуекел бойынша стресс-тестілеу теңгенің түрлі шетел валюталарына қатысты төмендеу сценарийін ескере отырып жетілдірілді. Бұдан басқа, сақтандыру сыйлықақыларын жинауды тоқтата тұру, орын алмаған шығындар резервінің ұлғаю, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының бұзылу, қайта сақтандырушының төлемді уақтылы жүзеге асырмау және т.б. тәуекелдерін бағалайтын қосымша сценарийлер әзірленді.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында: (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14168866) және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы:
+7 (727) 237 10 89, e-mail: press@finreg.kz