
Мемлекеттік органдардың ашықтық саясаты шеңберінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылғы 5 тамызда орнықты даму облигациялары (бұдан әрі – ESG облигациялары) мәселелері бойынша жария талқылау өтетінін хабарлайды.
Талқылау барысында Агенттіктің Бағалы қағаздар нарығы департаментінің өкілі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы жөніндегі заңнамасына ESG облигациялары және ESG облигацияларын бағалау және талдау (верификация) жүргізу үшін ұйымдарды айқындау мәселелері бойынша өзгерістер туралы айтып береді.
«Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) өкілі ESG облигацияларын қосу және олардың KASE алаңында болуы, сондай-ақ KASE-де ақпараттың жария етілуі үшін Листингтік өлшемшарттар туралы хабардар етеді.
Талқылауға Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, Халықаралық Қаржы корпорациясының (IFC – International Finance Corporation), бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қаржы нарығының сарапшылары да қатысады.
Талқылау 2022 жылғы 5 тамызда сағат 16:00-де Webex алаңында онлайн-форматта өтеді және барлық ниет білдірушілер үшін мына сілтеме бойынша қолжетімді болады:
https://finreg.webex.com/finreg/e.php?MTID=m0d77f456e16161572d1735a018cc817f
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz