Сақтандыру омбудсманы қызметінің мәселелері бойынша қоғамдық талқылау өткізілді

Сақтандыру омбудсманы қызметінің мәселелері бойынша қоғамдық талқылау өткізілді

2022 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті өкілдерінің, жұмыс істеп тұрған сақтандыру омбудсманы Павел Завалконың, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, Қазақстан сақтандырушылары қауымдастығының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және қаржы нарығы сарапшыларының қатысуымен сақтандыру омбудсманы қызметінің мәселелері бойынша қоғамдық талқылау өткізілді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы 2022 жылғы 12 шілдеде қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде сақтандыру омбудсманының қызметін дамыту бойынша негізгі түзетулер баяндалды.

Кездесуге қатысушылар жаңалықтарды іске асыру және олардың сақтандыру қызметтерінің тұтынушыларына күтілетін әсері мәселелерін талқылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сақтандыру омбудсманының қызмет саласы, оның өкілеттіктерін кеңейту, тәуелсіздігін арттыру бойынша сұрақтар қойды, оларға Агенттіктің, сақтандыру нарығының өкілдері және сақтандыру омбудсманы жауап берді.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237-10-89, press@finreg.kz