Сақтандыру нарығындағы басшы қызметкерлерді келісу бойынша НҚА жобасы әзірленді

Сақтандыру нарығындағы басшы қызметкерлерді келісу бойынша НҚА жобасы әзірленді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 43 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру үшін әзірленді.

Жобада сақтандыру нарығында басшы лауазымын атқаруға алдын ала келісім алу процесі көзделеді. Оны лауазымға тағайындауға (сайлауға) дейін, сондай-ақ одан кейін келісілген болуға құқылы тәуелсіз  директор болып табылатын басқару органының мүшесін қоспағанда, басшы лауазымын атқаруға алдын ала келісім енгізу өтініш иесіне келісім алуға мүмкіндік береді. Реттеуші келісімінің мерзімі болмайды және ол бір сектордың шегінде бірқатар лауазымға беріледі. Өтініш иесіне лауазымын әрбір ауыстырған сайын өзінің біліктілігін растау және жеке рұқсат алу үшін реттеушіге жүгіну талап етілмейді. Аталған жағдайда реттеушіге жүгіну тек хабарлау сипатына ғана ие болады.

Бұдан басқа, келісім алу үшін кандидаттың өзі де, сондай-ақ сақтандыру ұйымы да жүгіне алады. Жобада кандидат тестілеуден өтпей-ақ келісім алатын, сонымен бірге тестілеуден өту үшін міндетті түрде шақырылатын жағдайлар айқындалған.

Қаулы жобасының толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14153418 сілтемесі бойынша ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталынан және Агенттіктің ресми интернет-ресурсынан танысуға болады.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz