
Мемлекеттік органдардың ашықтық саясаты шеңберінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 21 шілдеде сақтандыру омбудсманы қызметінің мәселелері бойынша жария талқылау өтетінін хабарлайды.
Талқылау барысында Агенттіктің Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаментінің өкілі Қазақстан Республикасының сақтандыру омбудсманының қызметі жөніндегі заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы, сондай-ақ олардан сақтандыру қызметтерін тұтынушылар үшін күтілетін әсер туралы айтып береді.
Қазіргі сақтандыру омбудсманы Павел Завалко сақтандыру омбусманының ағымдағы қызметі және жұмысының ерекшелігі туралы хабардар етеді.
Талқылауға сондай-ақ Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, сақтандыру компанияларының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қаржы нарығының сарапшылары қатысады.
Талқылау 21 шілдеде сағат 16:00-де Webex алаңында онлайн-форматта өтеді және барлық ниет білдірушілер үшін мынадай сілтеме бойынша қолжетімді болады:
https://finreg.webex.com/finreg/e.php?MTID=mf3115a9adfb6fa9478e8e471ee7dab49
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237-10-89, press@finreg.kz