Сақтандыру нарығында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша НҚА жобасы әзірленді

Сақтандыру нарығында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша НҚА жобасы әзірленді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру нарығында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру үшін әзірленді.

Жоба мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін оңтайландыруды көздейді. Атап айтқанда, уәкілетті органға бір өтініш пен құжаттар топтамасын берудің шеңберінде үш мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу, оның ішінде сақтандыру ұйымын құруға рұқсат, сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім және  еншілес ұйым құру не сатып алуға рұқсат алу мүмкіндігі көзделеді.

Бұдан басқа, Жоба  сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны ерікті түрде қайтару қағидаларын айқындайды. Сақтандырудың кепілдік берілген сыныптары бойынша сақтандыру портфелін басқа сақтандыру ұйымына беру және бұрын жасалған барлық ерікті сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын мерзімінен бұрын бұзу лицензияны қайтарып алу үшін қажетті талаптар болып табылады.

Қаулы жобасының толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14148729 сілтемесі бойынша ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталынан және Агенттіктің ресми интернет-ресурсынан танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz