
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының меншікті активтері, «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты, зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен қалыптастырылған «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қаржы активтерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірлегені туралы хабарлайды.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Жобада Қордың өз қаражатының және кепілдік резервтері қаражатының құрамына кіретін қаржы құралдарын бағалау тәртібі айқындалады.
Егер қаржы құралы отандық немесе шетелдік қор биржасында саудаланатын болса, ол тиісті қор биржасының әдістемесі негізінде әділ құн бойынша бағалануға тиіс екендігі көзделеді. Басқа қаржы құралдарын бағалау Қордың есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Қордың активтерін бағалау тәртібін айқындау олардың сақталуын және Заңда көзделген функцияларды іске асыру үшін жеткіліктілігін қамтамасыз етеді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14 145006 және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz