
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.
Жоба нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестендіру және НҚА-ға сілтеме нормаларын өзектендіру мақсатында жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша әзірленді.
Жобада зейнетақы активтерін басқарушылар үшін амортизацияланған құны бойынша бағаланатын санатта қаржы активтерін есепке алуды жүзеге асыру мүмкіндігі берілген. Бұдан басқа, қор биржасының қағаз тасымалдағышта ұсынылатын хабарламаларының тізбесі алып тасталды.
Жобаның толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14138835 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталынан және Агенттіктің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінен танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz