
2022 жылғы 12 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңда Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді, оған мынадай мәселелер кіреді.
Сақтандыру секторы бойынша:
- өмірді жинақтаушы сақтандырудың әлеуметтік маңызды өнімдерін енгізу;
- сақтандырудың әлеуметтік және жаппай түрлері бойынша кепілдік берілетін сақтандыру түрлерінің тізбесін кеңейту;
- азаматтарға зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша ақшаны БЖЗҚ-ға ішінара қайтару мүмкіндігін беру;
- сақтандыру омбудсманының мәртебесін арттыру және қызметін дамыту;
- сақтандыру жағдайларын онлайн-реттеуді енгізу;
- сақтандыру төлемдерін ресімдеуді жеңілдететін Еурохаттаманы енгізу;
- міндетті автосақтандыру бойынша баға белгілеу жүйесін жетілдіру;
Бағалы қағаздар нарығы бойынша:
- Агенттіктің реттеу аясына нарықта ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсететін субъектілердің және инвестициялық консультанттардың қызметін реттеуді енгізу, сондай-ақ корпоративтік басқаруды жетілдіру арқылы қор нарығындағы инвесторлардың құқықтарын қорғау шараларын күшейту;
- жеке сектордың қаржыландыруын тарту үшін арна ретінде қор нарығының рөлін арттыру;
- бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларын реттеу мен қадағалау тәсілдерін, оның ішінде олардың жүйелік маңыздылығы мен қызметінің ауқымына қарай осы қатысушыларды тепе-тең реттеуді енгізу жолымен қайта қарау;
- Халықаралық своптар және деривативтер қауымдастығының (ISDA) бас келісімдері аясында қазақстандық компаниялардың тәуекелдерін хеджирлеу үшін құқықтық жағдайлар жасау;
- секьюритилендіру нарығын дамыту.
Банк қызметі бойынша:
- қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін келісу процесін жетілдіру;
- банктердің, банк холдингтерінің және банктердің еншілес ұйымдарының қызмет түрлерін кеңейту;
- микроқаржы ұйымын банкке айырбастау тетігін енгізу.
Заң тұтынушылар үшін қаржы нарығының тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді, экономиканың қажеттіліктерін тиімді қанағаттандыру үшін оның серпінді өсуі мен бәсекелі дамуын қамтамасыз етеді.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz