
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Жасыл», әлеуметтік облигацияларды, орнықты даму облигацияларын және орнықты дамумен байланысты облигацияларды орналастырудан түсетін кірістер мен қаражатты пайдалану мен бөлуге және олардың облигацияларды шығару жөніндегі негіздемелік бағдарламада және (немесе) облигацияларды шығару шарттарында мәлімделген мақсаттарға сәйкестігіне қатысты бағалау мен талдау жүргізу (верификация) үшін ұйымдарды айқындау туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын іске асыру үшін әзірленді.
Жоба «жасыл», әлеуметтік облигацияларды, орнықты даму облигацияларын және оларды шығару мен орналастырудан кейін орнықты дамумен байланысты облигацияларды орналастырудан түсетін кірістер мен қаражатты пайдалану мен бөлуге қатысты бағалау мен талдау жүргізу үшін ұйымдардың тізбесін белгілеуді көздейді.
Жобаның толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14120350 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталынан және Агенттіктің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінен танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz