Кейбір нормативтік құқықтық актілерге мемлекеттік емес бағалы қағаздар шығарылымы мен айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Кейбір нормативтік құқықтық актілерге мемлекеттік емес бағалы қағаздар шығарылымы мен айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мемлекеттік емес бағалы қағаздар шығарылымы мен айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.

Жоба өтеу мерзімінсіз мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының ерекшеліктерін айқындайды. Бұдан басқа, жеке орналастырылуға тиіс облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде реттеушілік талаптар жеңілдетіледі және акционерлік қоғамның акцияларын бөлшектеу ерекшеліктері белгіленеді.

Жобаның толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14129649 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталынан және Агенттіктің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінен танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz