
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы - Office of Foreign Assets Control (OFAC) 2022 жылғы 11 шілдеде лицензия шығарғанын хабарлайды, оған сәйкес «Сбербанк» АҚ ЕБ-мен (бұдан әрі – Қазақстан Сбербанкі) мәмілелерді аяқтау мерзімі тағы үш айға, 2022 жылғы 12 шілдеден бастап 2022 жылғы 11 қазанға дейін ұзартылады.
Бұл көрсетілген кезең ішінде Қазақстан Сбербанкі штаттық режимде жұмыс істеуін жалғастыратынын білдіреді. Бұл Банктің клиенттеріне қандай да бір шектеулерсіз төлемдермен және аударымдармен операциялар қолжетімді болады.
2022 жылғы 6 сәуірде ресейлік «Сбербанк России» ЖАҚ пен оның еншілес ұйымдарына қатысты оларды SDN (Specially Designated Nationals) тізіміне енгізуді көздейтін бұғаттаушы санкциялардың енгізілгені туралы OFAC лицензиясы шығарылғанын еске сала кетейік, оған сәйкес аталған ұйымдармен операциялар 2022 жылғы 12 шілдеге дейін аяқталуға тиіс еді.
Қазақстан Сбербанкі салымдарға, кредиттерге қызмет көрсетуді, сондай-ақ ақшалай қаражатты қабылдау мен беруді қоса алғанда, клиенттер алдында өз міндеттемелерін уақтылы орындайды.
Қазақстан Сбербанкі депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лимит шегінде азаматтар қаражатының сақталуын қамтамасыз етеді.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:
+7 (727) 237-10-90, email: press@finreg.kz