ҚНРДА өкілдері Халықаралық валюта қорының және Дүниежүзілік Банк тобының Швейцария кіші тобының отырысына қатысты

ҚНРДА өкілдері Халықаралық валюта қорының және Дүниежүзілік Банк тобының Швейцария кіші тобының отырысына қатысты

2022 жылғы 4 шілдеде Швейцарияның Бад-Рагац қаласында Халықаралық валюта қорының және Дүниежүзілік банк тобының Швейцария кіші тобының (бұдан әрі – кіші топ) отырысы өтті. 2022 жылы кіші топтың құрылғанына 30 жыл толады.

ХВҚ-ның Швейцария кіші тобына мынадай елдер кіреді: Швейцария Конфедерациясы, Польша Халық Республикасы, Сербия Республикасы, Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Әзірбайжан Республикасы.

Іс-шараға ХВҚ Басқарушы директоры Кристалина Георгиева, Швейцария Федералдық Канцлері және Қаржы министрі Ули Маурер, сондай-ақ Швейцария Ұлттық Банкінің Басқарушылар кеңесінің төрағасы Томас Йордан қатысты.

Іс-шара барысында кіші топ мүшелері қатысушы елдердің ынтымақтастығы мен экономикалық даму мәселелерін талқылады. Негізгі назар жаһандық экономиканы, қаржы және сауда жүйесін дамытудың, орнықты дамудың және кедейлікпен күрестің перспективалары мен сын-қатерлеріне аударылды.

Кіші топ мүшелері сандық және орнықты қаржының мүмкіндіктері мен проблемаларына арналған семинарға қатысты. Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша Вице-президенті Анна Бьерде және кіші топқа қатысушы елдердің орталық банктері мен үкіметтерінің өкілдері баяндама жасады.

Отырыс жеке қатысу форматында өтті, оған ҚНРДА-ның Аппарат басшысы М.А. Өтеғұлов және ҚНРДА өкілдері қатысты.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz