Міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесін, сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесін, сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлеу туралы хабарлайды.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі     мәселелері    бойынша    өзгерістер   мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын іске асыру үшін әзірленді.

Жобада міндетті жарналардың мөлшерін есептеу рәсімі, сақтандыру ұйымдарының міндетті жарналарды сақтандыру омбудсманына төлеу тәртібі мен мерзімдері айқындалады. Жарна мөлшерін анықтау кезінде сақтандыру ұйымының іс-әрекеттеріне тұтынушылардың шағымдарының санын және оған қатысты қабылданған ықпал ету шаралары мен санкциялардың болуын ескеру ұсынылады.

Бұл сақтандыру ұйымдарының тәртібін арттыруға және тұтынушылар тарапынан шағымдар санын азайтуға ықпал етеді, соның нәтижесінде, сақтандыру ұйымдары қызметтерінің сапасын арттырады.

Қаулы жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14143501 және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237-10-90, press@finreg.kz