
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Сақтандыру омбудсманын сайлау және қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлеу туралы хабарлайды.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын іске асыру үшін әзірленді.
Жобада сақтандыру омбудсманын сайлау рәсімі регламенттеледі. Сақтандыру омбудсманы уәкілетті органмен сақтандыру омбудсманы өкілдерінің кеңесі ұсынған кандидаттар арасынан сайланатын болады. Бұл оның сақтандыру нарығының қатысушыларынан тәуелсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жоба сондай-ақ сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың өтініштерін қарастыру және сақтандыру омбудсманының даудың мәні бойынша шешімдер қабылдау рәсімдері мен мерзімдеріне қойылатын базалық талаптарды айқындайды.
Қаулы жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14143474 және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237-10-90, press@finreg.kz