
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидаларын бекіту» Агенттіктің Басқарма қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын іске асыру мақсатында әзірленді.
Жоба көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу тәртібін айқындайды.
Жобаның мақсаты 2024 жылдан бастап икемді тарифтеу жүйесіне көшу мүмкіндігін қамтамасыз етіп нормативтік-құқықтық базаны құру болып табылады, бұл автосақтандыру құнының барабарлығын қамтамасыз етеді және сақтандыру тарифтерін уақытылы өзектілендіруге мүмкіндік береді.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14143891 интернет-порталынан және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінен танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz