Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша НҚА жобасы әзірленді

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша НҚА жобасы әзірленді

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша есептеу сомасын есептеу, сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың есептемесі мен тәртібін бекіту туралы» Басқарма қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлеу туралы хабарлайды.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленді, онда сақтандыру ұйымдарының мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысу мүмкіндігі көзделген.

Жоба мемлекет сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын білім беру жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша есептік соманы айқындау тәртібін көздейді (5% немесе 7%).

Бұдан басқа, Жоба білім беру жинақтау сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін есептеу мен жүзеге асыру тәртібін айқындайды. Бұл сақтандыру төлемі сақтанушыға өзінің білімін немесе баласының білімін төлеуге мүмкіндік береді.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14143881 интернет-порталынан және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінен танысуға болады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237-10-90, press@finreg.kz